Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу

Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарды тіркеу — өнім нарыққа шығарылғанға дейін оның қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін растайтын міндетті мемлекеттік рәсім. Тіркеу куәлігінсіз (ТК) медициналық бұйымдарды заңды түрде импорттауға, сатуға және мемлекеттік сатып алуларға қатысуға болмайды.
Сараптама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы (ДЗМБСҰО, НЦЭЛС) арқылы жүргізіледі. Рәсім нәтижесінде медициналық бұйым мемлекеттік тізілімге енгізіліп, Қазақстан аумағында айналымға шығару құқығына ие болады.
Қызмет туралы қысқаша ақпарат
Нормативтік база
Реттеуші орга
Приказ МЗ РК № ҚР ДСМ-16 от 09.02.2021
НЦЭЛС
Географиясы
Республика Казахстан
Мерзімі
Нәтижесі
2 айдан 12 айға дейін
Медициналық бұйымды тіркеу куәлігі
Нормативтік база

Медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу қағидалары

Медициналық бұйымдарды тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу досьесіне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Қолданыстағы құжаттар
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі
Қолданыстағы құжаттар
ҚР ДСМ-нің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалары.
Қолданыстағы құжаттар
ҚР ДСМ-нің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 30 бірлескен бұйрығы және ҚР ЖИИДМ-нің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 140/НҚ бұйрығы
2026 жылы не өзгерді: «Бірыңғай терезе»
2026 жылғы сәуірден бастап тіркеу рәсімі бірыңғай кешенді қызмет форматында жүргізіледі.
Негізгі өзгерістер:
Бірнеше рәсімнің орнына бір өтінім беру. Ақпараттық жүйелер арқылы орталықтандырылған өтінім беру. Реттеуші органмен электрондық форматта, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып өзара әрекеттесу.
Бір рәсім аясында орындалады
медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу; тіркеу досьесіне өзгерістер енгізу; сараптама жүргізу;
басқа да ілеспе реттеушілік әрекеттерді бірыңғай циклде орындау.
Бизнес үшін практикалық нәтиже:
Әкімшілік қадамдар мен формалды бас тартулардың саны азаюы мүмкін. Сонымен бірге бастапқы сараптамаға ұсынылатын тіркеу досьесінің сапасы мен толықтығына қойылатын талаптар артты.

Медициналық бұйымды тіркеу кезеңдері

Рәсімдер біріктірілгеніне қарамастан, процестің нақты кезеңдері сақталады.
Біздің жұмыс тәртібіміз
1
Тіркеу дерекнамасын дайындау
Қажетті құжаттар топтамасы қалыптастырылады.
Біз не істейміз:
техникалық құжаттаманы дайындаймыз;
нұсқаулықтар мен таңбалауды тексереміз;
өндіруші туралы мәліметтерді жинақтаймыз;
сынақ есептерін дайындаймыз;
құжаттамаға аудит жүргіземіз;
тәуекел класын анықтаймыз;
дерекнаманы Қазақстан Республикасының талаптарына сәйкестендіреміз;
ҰСО сараптамасына арналған құжаттама құрылымын қалыптастырамыз.
2
Алдын ала сараптама
Нормативтік рәсімде жеке кезең ретінде көрсетілмегенімен, тәжірибе жүзінде бұл дайындық кезеңі өте маңызды.
Не қамтылады:
Нәтижесі:
сәйкессіздіктерді анықтау;
құжаттардың өзара сәйкестігін тексеру;
өтінім беруге дайындау.
Сарапшылардың қосымша сұрауларының санын азайту және рәсім мерзімдерін қысқарту.
3
«Бірыңғай терезе» арқылы өтінім беру
мемлекеттік жүйе арқылы өтінім беру;
ЭЦҚ пайдалану;
сараптаманы бастау.
4
Тіркеу куәлігін алу
медициналық бұйым мемлекеттік тізілімге енгізіледі;
тіркеу куәлігі беріледі.
Нәтижесі:
Тіркеу досьесі
Сараптамаға арналған тіркеу дерекнамасының құрамы
Құжаттар құрамы медициналық бұйымның тәуекел класына және түріне байланысты. Досьені ҚР ДСМ-нің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығының талаптарына сәйкес дайындаймыз.
Досьенің негізгі құрамы
Белгіленген нысандағы өтінім;
Сараптама жүргізу үшін НЦЭЛС-пен жасалған шарт;
Сараптама ақысын төлегенін растайтын құжат;
Тіркеу куәлігінің иесінің өнім жеткізу жөніндегі міндеттемесі;
Кажет болған жағдайда сенімхат.
Өтінім және ресми құжаттар
Мақсаты және жұмыс істеу қағидаты;
Ықтимал тәуекел класы және оның негіздемесі;
Орындалу нұсқалары мен жиынтықталым кестесі (XLSX форматында);
Каптама мен таңбалаудың макеттері.
Медициналық бұйым туралы мәліметтер
өтінім беруші мен өндіруші туралы мәліметтер;
өндірістік алаңдар туралы ақпарат;
2б және 3-тәуекел кластарына жататын бұйымдар үшін ISO 13485 сертификаты;
өндіріс жағдайларын бағалау.
Өтінім беруші және өндіруші туралы құжаттар
Техникалық сынақтар;
ISO 10993 стандарты бойынша токсикологиялық сынақтар;
Электр жабдықтарына арналған электромагниттік үйлесімділік (ЭМС) сынақтары.
Техникалық және токсикологиялық сынақтар
ISO 14971 стандарты бойынша тәуекелдерді басқару
Негіздемелер мен растаушы деректер
Кауіпсіздік пен тиімділікті растайтын дәлелдер
Клиникалық деректер және бағалау
Бұйым түріне байланысты қосымша құжаттар
Стерильдеу
стерильдеу әдістерін валидациялау тиімділігін растау
IVD бұйымдары
Аналитикалық және диагностикалық сезімталдық туралы деректер.
Бағдарламалық қамтамасыз ету
Бағдарламалық қамтамасыз ету архитектурасының сипаттамасы бағдарламалық қамтамасыз етуді валидациялау.

Радиациялық қауіпсіздік
Сәулелену көздері бар медициналық бұйымдарға арналған құжаттар.
Техникалық файл
Пайдалану құжаттамасы
Қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану нұсқаулығы
Қолданылатын стандарттар туралы мәліметтер
Техникалық құжаттама
Биоүйлесімділік
Организммен жанасатын бұйымдарға арналған есептер
Жануарлардан және адамнан алынған материалдар
Биоматериалдар
Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу бойынша қызметтеріміз
Біз медициналық бұйымдарды ұлттық рәсім бойынша тіркеуді бастапқы талдаудан бастап тіркеу куәлігін алғанға дейін толық сүйемелдейміз. Медициналық бұйым өндірушілерімен, дистрибьюторлармен, импорттаушылармен және Қазақстан нарығына шығуды жоспарлап отырған компаниялармен жұмыс істейміз.
Біз не істейміз:
тіркеу стратегиясын әзірлеу
тіркеу дерекнамасын қалыптастыр
«Бірыңғай терезе» арқылы өтінім беру
тіркеу куәлігін алғанға дейін сараптама процесін сүйемелдеу
Қазақстанда медициналық бұйымдарды толық тіркеу
талаптардың қолданылуын талдау
тәуекел класын анықтау
тіркеу дерекнамасының дайындық деңгейін бағалау
мерзімдерді оңтайландыру бойынша ұсынымдар
Тіркеу мәселелері бойынша кеңес беру
жобаны кезең-кезеңімен жүргізу
мерзімдерді бақылау
ҰСО-мен өзара іс-қимыл
сараптама сұрауларына жауап дайындау
Тіркеу процесін сүйемелдеу
тіркеу дерекнамасын әзірлеу және түзету
техникалық және пайдалану құжаттамасын бейімдеу
таңбалау мен нұсқаулықтарды дайындау
тәуекелдерді басқару файлын әзірлеу
Құжаттаманы дайындау және бейімдеу
Күтілетін мерзімде тіркеу - қажетсіз өзгертулерсіз және қайта тестілеусіз
Жұмыс тәсіліміз
Біз тіркеуді басқарылатын жоба ретінде қарастырамыз. Жұмыс басталғанға дейін тәуекелдерді бағалап, сынақтардың оңтайлы көлемін анықтаймыз және нақты медициналық бұйымның тәуекел класына сәйкес рәсімдер жоспарын келісеміз. Тіркеу дерекнамасындағы осал тұстар неғұрлым ерте анықталса, оларды түзету соғұрлым арзан әрі жылдам болады.
Одан кейін қолданыстағы сараптама талаптарына сәйкес құжаттарды дайындап, процестің әр кезеңінде сүйемелдеу көрсетеміз. Бұл дәлелдемелік базаны және сынақ хаттамаларын дайындауды, техникалық және пайдалану құжаттамасын бейімдеуді, реттеуші органның сұрауларына жауап беруді және қажет болған жағдайда құжаттарды түзетуді қамтиды.
ҰСО-ның әрбір қосымша сұрауы процесті бірнеше аптаға ұзартуы мүмкін. Сондықтан біз мұндай сұраулардың санын барынша азайтуға жұмыс істейміз.
Біз «тіркеуге кепілдік береміз» деген тұжырымды қолданбаймыз, өйткені түпкілікті шешімді реттеуші орган қабылдайды.
Нәтижесінде клиент мерзімдерді түсінікті бақылауға мүмкіндік беретін ашық процесті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰСО талаптарына сәйкес дайындалған тіркеу дерекнамасын және сараптамамен жұмыс істеуге арналған дәлелді ұстанымды алады.
Тіркеу мерзімдері мен құны
Медициналық бұйымның тәуекел класына, құжаттаманың дайындық деңгейіне және сынақтардың көлеміне байланысты.
айдан бастап
6
ТІРКЕУ
Медициналық бұйымды тіркеу
  • медициналық бұйымның тәуекел класына
  • өнім түріне
  • сынақтар жүргізу қажеттілігіне
  • құжаттама көлеміне
  • өндірушіде дайын материалдардың болуына
Мерзімдер мыналарға байланысты:
  • сараптама қызметтерінің құны
  • аударма (русский / казахский)
  • сынақтар;
  • өндірістік алаңды инспекциялау;
  • ұжаттаманы дайындау және тіркеу процесін сүйемелдеу.
Шығындар жеке есептеледі және мыналарға байланысты:
Тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу
ӨЗГЕРІСТЕР
айдан бастап
3
айдан бастап
3
Қайта тіркеу / жеделдетілген рәсімдер
ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН РӘСІМДЕР
Практикалық тұрғыдан алғанда, қосымша шығындардың көбі қайталама сынақтар мен құжаттаманы қайта өңдеу қажеттілігіне байланысты туындайды.
Қорытынды
2026 жылы Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу өтінім беру тұрғысынан жылдамдады, алайда құжаттаманы дайындау сапасына қойылатын талаптар күшейді.
  • тіркеу дерекнамасын дұрыс дайындау
  • медициналық бұйымды дұрыс жіктеу
  • реттеуші органның талаптарын ескеру
Табыстың негізгі факторы – рәсімнің өзі емес, оған дайындық:
Дұрыс ұйымдастырылған тіркеу процесі нарыққа ұзаққа созылатын түзетулерсіз және артық шығындарсыз шығуға мүмкіндік береді.
Түймені басу арқылы сіз дербес деректерді өңдеуге келісім бересіз
Тегін кеңес алуға өтінім
Бізбен байланысыңыз
Медициналық бұйымдарды тіркеу – оларды Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде айналымға шығарудың міндетті рәсімі екенін ескеріңіз.
Қоңырау шалу
+7 776 326 2500
Жазу
electrontest.kazakhstan@gmail.com
Кеңсе
РК, г. Астана, ул. Анет баба, 9/3 НП-6
Made on
Tilda